Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

  • Үйкеліс күшін зерттеу және оның көріністеріне мысалдар келтіру.
  • Күш әрекетінің бағытын анықтау.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Сабақтың басында оқушылармен бірге “күш”, “бағыт”, “қозғалыс” ұғымдарын талқылаңыз.

Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.

Қайшымен, ыстық желіммен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Біз күнделікті өмірде заттарды итереміз, тартамыз немесе көтереміз. Осындай әрекеттер кезінде біз күш қолданамыз. Күш – заттарды қозғалтуға, тоқтатуға немесе олардың бағытын өзгертуге көмектесетін әсер. Мысалы, орындықты жылжыту үшін оны итереміз – яғни күш қолданамыз. Егер күш болмаса, заттар өздігінен қозғалмайды.

A boy playing football illustration

Қозғалыс – бұл бір заттың орнын ауыстыруы. Допты тепкен кезде ол алға қарай ұшады – яғни қозғалады. Егер біз допқа күш қолданбасақ, ол бір орында жата береді. Демек, қозғалыс басталуы үшін міндетті түрде күш керек. Күш қолданылғанда ғана заттар жылжиды, айналады немесе секіреді.

Күштің тек шамасы ғана емес, бағыты да болады. Күш қай жаққа қарай әсер етсе, зат та сол бағытқа қозғалады. Егер арбаны алға итерсек, ол алға жүреді. Артқа тартсақ – артқа жүреді. Бұл күш бағытының қозғалысқа қалай әсер ететінін көрсетеді.

Заттарға әртүрлі бағытта күш түсірсек, қозғалыстың бағыты да өзгереді. Сондықтан күштің бағытын дұрыс түсіну – түрлі механизмдер мен құрылғылардың жұмысын ұғудың негізі. Бұл жобада оқушылар күш бағыты мен қозғалыстың өзара байланысын өз қолымен құрастырылған құрал арқылы көре алады.

Тәжірибелік бөлім

1. Балмұздақ таяқшаларының бір жақ ұштарын үшбұрыш формаға суреттегідей етіп келтіріп ыстық желіммен желімдеңіз. 

2. Шпажкадан 2-3 см ұзындықта таяқша қиып алыңыз. Оны үшбұрыштың ұшына жабыстырыңыз.

3. Түтікшені 9 см-ден 1 дана, 2 см-ден 3 дана бөлікке бөліңіз.

4. 9 см-лік түтікшені үшбұрыштың алдыңғы жағына орналастырып желімдеңіз. 2 см-лік екі түтікше бөліктерін артқы жақ ұштарына желімдеңіз.

5. Шпажканы 15 см ұзындықта 2 бөлікке бөліңіз. 

6. Шпажкаларды алдыңғы және артқы бөліктеріндегі түтікшелер арқылы кіргізіңіз.

7. Қақпақтарды ортасынан бізбен тесіңіз. 

8. Алдыңғы жақтағы шпажканың екі жағына 2 қақпақты дөңгелек ретінде орналастырыңыз. Оларды жұмсақ пластилинмен бекітіңіз.

9. Қалған екі қақпаққа кеңселік резеңкені шеңбер бойымен екі реттен ораңыз.

10. Қақпақтарды артқы бөлігіне дөңгелек ретінде шпажкаға кірігіңізп орналастырыңыз.

11. Түтікшенің қалған 2 см-лік бөлігін артқы жақтағы шпажкаға суреттегідей желімдеңіз. 

12. Кеңселік резеңкені үшбұрыштың ұшында тұрған шпажкаға және артқы бөліктегі түтікшеге іліңіз.   

Дайын! 

Резеңке ілінген түтікшені 1-2 рет орап жіберіп қалыңыз. Машинаңыз жылдамдық алып, алға қарай жүреді. 

Командалар болып машиналарыңызды жарыстырып ойнасаңыздар болады. 

Қорытынды

Оқушылар бұл жоба арқылы күш пен оның бағыты қозғалысқа қалай әсер ететінін көрнекі түрде бақылады. Резеңке тартылған бағытқа қарай дөңгелек айналып, көлік қозғалды. Қарапайым материалдарды пайдалана отырып, күрделі физикалық ұғымдарды тәжірибе арқылы түсіну мүмкіндігі туды.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!